Әдеби-сазды іс-шара

1480051376116697.jpg

2016 жылдың 23 қарашасында №14 мектеп-гимназиясында  ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «25 жұлдызды күн» аясында  іс-шара өтті.  Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздік, ең алдымен, қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ арманы мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін тәуелсіздік күші – ең қадірлі күш. Еліміз тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет ретінде әлемге танылдық. Бүгін Қазақстан әлем назарында, өзінің болашағынан үлкен үміт күттіретін, жері, халқы бай ел. Елбасының тәуелсіздік туын қолға ұстағалы бері әлем алдындағы көрсетіп келе жатқан ұлан-ғайыр қажыр-қайраты осының дәлелі. Елдік туымыз тігілген үлкен үйіміз, алтын шаңырағымыз да осында. Жарастығымыздың да, жақсылығымыздың да, тыныштығымыздың да қиясы, махаббатымыздың да ұясы – Қазақстан. 

Мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері мен оқушылары  іс-шараларға белсенді қатысты. Олар: Душанова Камила-10 «А»  сынып оқушысы, Жанатбек Төрехан -10 «Б» сынып оқушысы, Нуржанова Дильназ – 10 «Б» сынып оқушысы, «Лотос» би ансамблі, Зият Нүркен мен Мұқашев- 6 «Ә» сынып оқушылары, музыка пәнінің мұғалімі Байсадыкова Ж.Н.
    

Іс-шара  «Желтоқсан желі – ызғарлы » атты презентациямен басталды. Онда 8-11 сынып оқушылары Желтоқсан оқиғасы туралы терең түсінік алды. Мәнерлеп тақпақ оқылды, ән айтылды. Желтоқсан құрбандарын  еске алдық.

Мектеп мәжіліс залында  кітапханашы  аты-жөні  «Тәуелсіз ел-Қазақстан» атты тақырыпта кітап көрмесін ұйымдастырды, қанатты сөздер ілінді.

5-7сынып  оқушылар арасында  Қазақстан Республикасының тарихи оқиғаларын таныстыру, Қазақстан Республикасының рәміздерін құрметтеу, патриоттық сезімдерін арттыру мақсаттарында   викториналық ойын өтті. 

Оқушылардың тыңдау және есте сақтау қабілеттері арқылы сайыс тапсырмаларына нақты жауапты ойлылықпен айта білетіндіктері байқалды. Жан-жақты білім танымдылықтары арқылы ізденіс, талпыныс мүмкіндіктері көрінді. Оқушыларымыз би билеп, домбыра тартып, ән шырқап, еліне, жеріне, Отанына деген сүйіспеншіліктерін, өлең жырларымен  әр отырған көрерменнің жүрегіне жеткізіп, патриоттық сезімдерін оята білді.

Қалалық шығармашылық тобының мүшесі  Казбекова Алмагуль Хамзақызы  қатысушыларды құттықтай, шығармашыл және ғылыми әлеуеті бірлескен бастама ел бірлігіне қомақты нәтиже мен табыс әкелетіндігіне сенім білдірді.  

Директорға сұрақ қою