Ашық сабақ

1479730828268115.jpg

Біздің мектеп-гимназияда 7-11  қараша айында  ІІІ деңгейлік курсын өткен мұғалімдер  ашық сабақтар өткізді.

Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдері де өз шеберлігін  көрсетті.Жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымымен , оның бағдарламасына сәйкес келетін педагогикалық тәсілдерді тиімді қолданды.

Апенова Сауле Тлеужановна 6 «Б» сыныбында «Мен мектептемін» атты  ашық сабақ өткізді. Сабақта мұғалім жаңа технологияларды пайдаланып, оқушылармен топтық, жеке, жұптық жұмыс жүргізді. Ойын арқылы оқушылардың ауызекі сөйлеу тілдесімін арттырады, шығармашылық тапсырма беру арқылы сын тұрғысынан ойлата білді, барлық модуль қамтылды.  

Исабекова Айжан Тлеутсовна 3 «В» сыныбында  «Мен үшінші сыныпта оқимын» атты сабағында балалардың ой-өрісін даму мақсатында танымдық әдіс-тәсілдер қолданды. Оқушылар сабаққа белсене қатысты, өз ойларын еркін айта білді. Техникалық құралдарды тиімді қолданды.

Сыздыкова Айслу Габденовна 6 «А» сыныбында «Алтын күз» атты сабақ өткізді. Сабақ сайыс түрінде өтті. Оқушылар топқа бөлініп,  шығармашылық

Жұмысқа белсене кірісті. Сабаққа барлық оқушылар қамтылды, қалыс қалған оқушылар болған жоқ.

Барлық сабақтар жоғары деңгейде өткізілді. Жаңа форматты ұстаз екендігін дәлелдеді.

    

Директорға сұрақ қою