Олимпиада

1461662243079410.jpeg

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Ш.Қирабаеваның ұйымдастыруымен 2016 жылдың 25-26 наурыз айында қазақ тілінен оқушыларға арналған «Тіл – мемлекет тәуелсіздігінің символы» атты  Х республикалық қашықтық олимпиадасының 1-ші кезеңі өткізілді.

«Тіл – мемлекет тәуелсіздігінің символы» атты  Х республикалық қашықтық олимпиаданың 1-ші кезеңіне №14 мектеп-гимназиясының 5-7 сынып 39 оқушы қатысты. Бұл олимпиадада жаңа педагогикалық технологиямен сапалы білім алып жатқан оқушылар өз білім деңгейлерін байқады. Оқушылар өздеріне қиындық туғызған сұрақтарды алдағы уақытта сол сұрақтармен жұмыс істеу үшін белгілеп алды. 37 оқушы 50 пайыздан жоғары ұпай жинап, сертификатқа ие болды. Патчаханова Диана 40 сұраққа дұрыс жауап беріп, олимпиаданың екінші кезеңіне өтті. Патчаханова Диана олимпиаданың екінші кезеңіне қатысып, 2 орынға ие болып, марапаттау қағазын алды.Жауапты мұғалімдер: Апенова С.Т., Искакова К.Б., Сыздыкова А.Г., Мусабекова Г.К. Оқушыларда  өз білімдерін еңбек пен әрекет үстінде дамыта берсе, жетілдіре берсе, білімдерінің шыңдалатынына және жоғары нәтижеге қол жеткізуге болатынына  деген сенім пайда болды.


Мақала авторы:   Астана қаласындағы №14 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сыздыкова Айслу Габденовна

Директорға сұрақ қою