1 желтоқсан-Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті күні

1449214459779318.jpg


    Астана қаласы №14 мектеп-гимназиясында  1 желтоқсан  Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті күніне арналған іс шаралар өткізілді.

Іс –шараның бекітілген жоспары бойынша барлық сыныптарда 30 қараша күні «Елін сүйген – Елбасы» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Әсіресе  5 «Ә», 5 «Б», 6 «Ғ», 7 «Ә», 9 «А», 10 «Б», 11 «А»  сыныптарында  өткізілген тәрбие сағаттары жоғары деңгейде жүргізілді. Елбасының өмірі, еңбек жолымен  таныстырылды, фильмнен үзінді көрсетілді.

 Оқушылар арасында  «Елі сүйген, елін сүйген –Елбасы» тақырыбы аясында шығармалар сайысы болып өтті. Сайыс жеңімпаздары 30 қараша күні өткізілген «Қазақстан Республикасының Елбасы»  атты мектепішілік сап түзеуде марапатталды.

Бастауыш сыныптар арасында « Менің Елбасым» атты шығармашылық сайыс  ұйымдастырылды. Сайыста оқушылар өз қолдарынан жасаған  жұмыстарын (апликация,  суреттер, кестеленген жұмыстар, бисермен жасалынған жұмыстар, компюьтерлік жұмыстар) ұсынған. Сайыс жеңімпаздары мақтау қағаздарымен марапаталды.

Мектепте «Елін сүйген –Елбасы» тақырыбында  көрме ұйымдастырылды. Көрмеде  Елбасының суреттері, жазған кітаптары, елбасы туралы жазған  ойлар мен пікірлер қойылды.

10 «Б» сынып оқушылары сынып жетекшілерімен бірігіп Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 30 қараша 2015 жылы халыққа жолдаған жолдауымен танысып, өзара сынып оқушылары арасында қызу талдады.



Директорға сұрақ қою